15.10.2024
10:54:20
ru
kz

Жасанды интеллект туризм саласына да енгізіледі

Қазақстан жаңалықтары
19.09.2024
10:45
Жасанды интеллект туризм саласына да енгізіледі
Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Open Insights компаниясының технологиялар жөніндегі директоры Файзан Чаудхаримен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Кездесуде тараптар Қазақстанның туристік индустриясын дамыту мақсатында деректер мен жасанды интеллекті пайдалана отырып, инновациялық шешімдер қабылдау мәселесін талқылады.


Әңгіме барысында Файзан Чаудхари Open Insights компаниясының негізгі мүмкіндіктерін, соның ішінде Data-as-a-Service (DaaS) платформасын таныстырды. Аталған платформа деректерді жинауға және басқаруды тиімді етуге, сондай-ақ жасанды интеллект және машиналық оқыту негізіндегі заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кездесуде жасанды интеллектіні қолдану арқылы саяхатшыларға арналған ұсыныстарды автоматтандыру, виртуал туристік агенттер жасау және бетті тану технологиясы арқылы қауіпсіздікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Open Insights деректерді басқару жүйесін модернизациялауға және оларды туристік салаға интеграциялау кезінде туындауы мүмкін технологиялық тәуекелдерді төмендетуге көмектеседі.

Мұндай технологияларды енгізу Қазақстанда ішкі туризмді дамытуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және индустрияның болашағын тұрақты етуге мүмкіндік ашады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.