21.11.2024
19:46:50
ru
kz

Жарты жылдың ішінде Көлсай көлдеріне 160 мың турист келді

Қазақстан жаңалықтары
10.07.2024
16:10
Жарты жылдың ішінде Көлсай көлдеріне 160 мың турист келді
Ақпараттық «e-Qonaq»  жүйесінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы алты айында облысқа 70 мыңнан астам адам келген, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (32 276 адам) айтарлықтай көп, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресми статистика да қарқынды өскенін көрсетеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында облысқа 76 217 адам келсе, 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 99 335 адам облыс табиғатын тамашалаған.

Туристер арасында тек облыс орталықтары ғана емес, Алматы облысының ұлттық табиғи саябақтарында да келушілер санының өсімі байқалады.

2023 жылдың 6 айына:

«Шарын» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 53 965 адам
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 97 104 адам
«Іле-Алатау» МҰТП: 274 184 адам

2024 жылдың 6 айына:

«Шарын» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 54 955 адам
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 161 746 адам
«Іле-Алатау» МҰТП: 358 847 адам қабылдаған.

Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мейрамбекұлы өз сөзінде:

"Алматы облысы - табиғат сұлулығының, тарихи құндылықтардың және қонақжайлылықтың ортасы. Біз әрбір қонаққа жайлы жағдай жасау үшін туризм инфрақұрылымын дамытуға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Алда үлкен жоспарларымыз бар. Алматы облысы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналатынына сенімдімін», - деп өз жоспарымен бөлісті.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.