25.09.2025
04:00:48
ru
kz

Үлкен Алматы өзенінің арнасы жаңартылып жатыр

Қазақстан жаңалықтары
24.09.2025
11:33
Үлкен Алматы өзенінің арнасы жаңартылып жатыр

Үлкен Алматы өзенінің арнасы жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Алматыда Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында жағалаулар абаттандырылып, көпірлер жөнделеді. Сондай-ақ, өзен бойына ағаштар отырғызылып, автоматты суару жүйесі орнатылады.


 

Ұзындығы 5,7 шақырым болатын аумақта – №1 тұндырғыштан бастап Абай даңғылына дейін - бүгінде жұмыстың 40%-дан астамы аяқталды.


 

Қайта жаңарту аясында ескі тақталар алынып, орнына гидрооқшаулауы бар жаңа тақталар төселіп жатыр. Жиектастар жаңартылып, жүргіншілер жолдары жасалып отыр. Көпірлерге де жөндеу жүргізіліп, тазартылып, грунтталып, сырлануда.


 

Автосуару жүйесіне арналған сорғы стансасын орнату, келесі көктемде жаппай ағаш егу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда қосымша түсу және көтерілу жолдары қарастырылады.


 

Мердігерлердің айтуынша, жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жоба 2026 жылы аяқталмақ.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.