19.09.2024
21:37:35
ru
kz

Соңғы екі жылда Шымкентте туристтік ағын өсті - Ержан Еркінбаев

Қазақстан жаңалықтары
25.07.2024
13:45
Соңғы екі жылда Шымкентте туристтік ағын өсті - Ержан Еркінбаев
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Шымкент тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға турбизнес, спорт және туризм өкілдері қатысты.

Кездесуді Ержан Еркінбаев министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар туралы баяндамадан бастады. Вице-министр кейінгі екі жылда аймақтағы туристік ағынның айтарлықтай өскенін атап өтті.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі туристер саны 420 мың адамға жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,8 мың адамға көп. 2024 жылдың 1 қаңтарынан 10 шілдеге дейін E-qonaq ақпараттық жүйесіне шетелдік 20 950 турист тіркелген. Өңірге ең көп турист Өзбекстаннан (9 235 адам), Ресей Федерациясынан (3 286) және Қытайдан (2 360) келген», - деді Ержан Еркінбаев.


Кездесу барысында Туризм және спорт вице-министрі ведомство туризм саласындағы инвестициялық әлеуетті дамытуға ерекше назар аударып жатқанын атап өтті. Қазақстанда демалысқа деген сұраныстың артуы бизнесті жаңа туристік жобаларға белсенді инвестиция салуға ынталандырады.

Өңірде биыл 7 жоба іске асырылуда, 293 жоба тұрақты бақылауда тұр. Сондай-ақ Қазақстанның ірі логистикалық орталықтарының біріне айналатын қала әуежайының құрылысы да осы жылы аяқталады деп күтілуде.

Туризм және спорт вице-министрі биыл елімізде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін еске салып, Париждегі Олимпия ойындарына қатысатын спортшылар арасында Шымкент қаласының өкілдері де бар екенін атап өтті. Олар: Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова (нысана көздеу), Әлімхан Сыздықов (грек-рим күресі), Махмұд Сабырхан (бокс), Самирхон Абабакиров (таэквондо), Эльмир Әлімжанов және Ерлік Сертай (семсерлесу), Сергей Емьянов, Руфина Искакова және Сергей Токарницкий (байдарка мен каноэде есу), Мария Дмитриенко (стенд ату) және Эльжана Таниева (көркем гимнастика).
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.