24.11.2024
17:20:09
ru
kz

Шымбұлаққа – 70 жыл!

Қазақстан жаңалықтары
03.01.2024
13:55
Шымбұлаққа – 70 жыл!
Биыл «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының ашылғанына 70 жыл толып отыр. Осыған орай мекеме шаңғы спортына қызығушылық танытқан әуесқойлар үшін жаңадан қауіпсіз үйрену трассасын іске қосты. Бұл туралы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының баспасөз қызметі хабарлады.
 
Бұдан бөлек, Шымбұлақ ұжымы «Еуразия тау-кен курорттары альянсын құру» туралы меморандумға қол қойды. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей және Әзірбайжан бар. Бұл демалушыларға жайлы жағдай жасап, сапалы қызмет, үйлестіру жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді. 
 
Сондай-ақ, 2023 жылдың қарашасынан бастап Түркі елдерінің тау курорттары одағын құру туралы меморандумға қол қойылды.
 
Шымбұлақ тау курортына өткен жылы 1 миллион 300 мың демалушы келген. Бұл - соңғы 70 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Келушілердің көбі қаңтар айында демалған.
 
Жаңа жобалардан басқа, курортта бірқатар халықаралық спорттық іс-шаралар жоспарлануда:
 
21-25 ақпан аралығында Freeride World Qualifier - тау шаңғысы мен сноубордта фрирайд бойынша халықаралық жарыс өтеді. Оған 15 елден 80 спортшы қатысады.
 
2024 жылғы 3-10 наурыз аралығында Алматыда «Шымбұлақ» ТК-да алғаш рет SCIJ халықаралық клубының 69-шы қысқы кездесуі өтеді. Шараға 32 елден 150-ден астам БАҚ өкілдері қатысады.
 
Шымбұлақ тау курортының тарихы 1954 жылдан басталады. Алғаш рет қысқы спорт түрлері бойынша Бүкілодақтық жарыстар өткізіле бастады. Ал 1983 жылдан бастап Шымбұлақ тау шаңғысы дайындығының олимпиадалық орталығына айналды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.