21.11.2024
19:48:38
ru
kz

Салтанат Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары
16.02.2024
19:05
Салтанат Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Салтанат Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы мәлім етті.
 

«ҚР көлік министрінің бұйрығымен Салтанат Еркінқызы Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.


1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша, Тулуза бизнес-мектебін (Франция) авиациялық-ғарыштық менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация менеджменті бойынша ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығында білім алған.

Салтанат Томпиева азаматтық авиация саласындағы еңбек жолын 1998 жылдан бастап Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.

1999-2008 жылдар аралығында стратегиялық жоспарлау бөлімінің, авиациялық қызметтер нарығын қалыптастыру бөлімінің, әуежайлар қызметін реттеу басқармасының, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2012 жылға дейін Әуе кеңістігін пайдалану басқармасының, Халықаралық стандарттарды енгізу басқармасының, Халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы ретінде еңбек етті.

2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы және авиациялық тасымалдардың бас мемлекеттік авиациялық инспекторы қызметтерін атқарды.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды, ішкі және халықаралық авиатасымалдарды, халықаралық ынтымақтастықты, авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, қаржы және кадр қызметтерін қадағалады.

2022 жылдан бастап "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.