Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер қысқы кезеңге консервация жүргізілуіне және су деңгейінің төмендеуіне байланысты уақытша алынып тасталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері мәлім етті..
Бұл іс-шара жыл сайын құрылымдарды техникалық тұрғыдан жарамды күйде сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Көктемде су деңгейі қалпына келген соң көпірлер қайта орнатылады.
Сонымен қатар көлдегі судың төмендеуіне байланысты өсімдіктердің тамыр жүйесін жылыту жұмысы жүргізілді. «Сайран көлі маңайын көріктендіру» жобасы аясында су айдынында нимфея (лотос) өсімдіктері өсірілетін арнайы бассейн қалыптастыру үшін темірбетон құрылым орнатылған.
Егер өсімдіктер үсіп кетсе, мердігер ұйым оларды кепілдік міндеттемесі аясында ауыстырып береді.
