21.11.2024
20:20:50
ru
kz

Павлодарда туристер мен іскер саяхатшыларға сапалы қызмет ұсынатын қонақүй салынады

Қазақстан жаңалықтары
11.06.2024
11:30
Павлодарда туристер мен іскер саяхатшыларға сапалы қызмет ұсынатын қонақүй салынады
ҚР Туризм және спорт министрлігі KASE Қазақстандық қор биржасына 7 000 000 000 теңге сомасына облигацияларды орналастыруға көмектесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл маңызды оқиға Accor халықаралық қонақ үй желісінің Павлодар қаласындағы қонақ үй құрылысын жүзеге асырудағы негізгі қадамның бірі болды.
Жобаның негізгі инвесторлары – Freedom broker тұтынушылары. Олардың инвестициялары Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Жоба туралы:

Novotel қонақ үйі: жоба аясында 120 бөлмелі 4 жұлдызды Novotel қонақ үйі салынады. Қонақ үй туристер мен іскер саяхатшыларға жоғары сапалы қызмет ұсынады. Бұл жоба өз кезегінде аймақтағы туризм мен бизнестің дамуына ықпал етеді.

Купондық сыйақыны субсидиялау: облигациялар айналымға 10 жыл мерзімге жылдық 19,75% сыйақы мөлшерлемесімен шығарылды. Осы соманың 6%-ын эмитент төлесе, қалған бөлігін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялайды.

Мемлекеттік қолдау: жоба Ұлттық экономика министрлігі, «Даму» Қоры, Туризм және спорт министрлігі әзірлеген бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының аясында іске асырылуда.

Жобаның мақсаты – Қазақстандағы туризм мен спортты дамыту және негізгі инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға инвестиция тарту.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.