Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің басшысы, Астана және Алматы қалалары әуежайларының өкілдері Үрімші Дивопу халықаралық әуежайына барды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Сапар барысында қонақтарға Қытайдың шекаралас аймағының әуе айлағын дамыту бағдарламасы таныстырылды.
Жалпы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 28 әуежай бар. Үрімші қаласының әуежайы аймақтағы алдыңғы қатарлы нысан болып табылады. Өткен жылы 26 миллион жолаушыға қызмет көрсетілген. Тұрақты рейстерді 30 авиакомпания 200-ден астам ішкі және халықаралық бағыттар бойынша орындайды.
Сондай-ақ ҚР Көлік министрі ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы әуежайларының жедел басқару орталығына барды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.