«Әзірбайжандағы туризм шикізаттық емес сектордың серпінді дамып келе жатқан секторларының арасында бірінші орында тұр, мұнда барлық индустрия Әзірбайжан Премьер-министрінің жеке бақылауында», - деп атап өтті Әзірбайжан Туризм бюросы ТМД және Азия елдерімен жұмыс секторының меңгерушісі Фидан Ахундзаде.
«Бюджеті 3 миллион долларды құрайтын 30 мақсатты ел үшін онлайн және офлайн жарнама тек біздің Автономиялық Республикада жүзеге асырылады», - деп хабарлады Грузияның Аджария Автономиялық Республикасы Туризм және курорттар департаменті Басқарма төрағасының орынбасары Михаил Коплатадзе.
Барлық баяндамашылар бізді қонақжайлылық, ортақ тарих, түркі тектілігі, елдер арасындағы ортақ байланыс біріктіретінін, халықаралық туристер үшін күресте бәсекелес емес, одақтас болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.