19.09.2024
22:02:27
ru
kz

Қазақстанның танымал туробъектілері енді 3D форматта қолжетімді

Қазақстан жаңалықтары
12.06.2024
13:46
Қазақстанның танымал туробъектілері енді 3D форматта қолжетімді
Үш өлшемді форматтағы бейнелер Қазақстанның барлық өңірлер бойынша ең танымал туристік бағыттары туралы ақпаратты қамтиды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. Портал USAID қолдауымен әзірленді.
 
3D карталар - бұл біздің танымал жерлеріміздің егжей-тегжейлі және интерактивті көрінісін қамтамасыз ету арқылы туристердің тәжірибесін айтарлықтай жақсартатын құрал.
 
Телефон немесе компьютер арқылы Маңғыстаудың Марс планетасына бейнелі көріністерінен Марқакөл көліне дейін Қазақстанның ең керемет жерлерін көруге болады.
 
Туристер сапар алдында қол жетімді көрікті жерлерді виртуалды түрде VR (виртуалды шындық көзілдірігі) арқылы ендік, бойлық және биіктік сипаттамасы бойынша зерттей алады.
 
Бұл бейнелер білім беру саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мысалы, үшөлшемде толыққанды бейнелерге сүйеніп, кейбір тарих және география сабақтарын өткізуге болады.
 

«Біздің еліміздің кең аумағында экспедициялық, мәдени-тарихи және шытырман оқиғалы туризм үшін шексіз мүмкіндіктер жасырылған. Мұндай сапарлар — бұл пандемиядан кейінгі трендке айналған жеке және шағын топтарда саяхаттау үрдісі ғана емес, сонымен қатар біздің аймақтың тарихы мен мәдени ерекшелігіне терең үңілудің ерекше мүмкіндігі. Біз USAID агенттігіне осы жобаны қаржыландырғаны үшін алғысымызды білдіріп, оны жалғастырамыз деген үміттеміз, өйткені Орталық Азияда біз өзіміз үшін де, шетелдік турист үшін де ашқымыз келетін көптеген әдемі жерлер әлі де бар», - деп бөлісті Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Қайрат Садвақасов.

Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.