09.12.2024
12:07:26
ru
kz

Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылы іске қосылады

Қазақстан жаңалықтары
11.10.2024
12:03
Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылы іске қосылады
Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.