Армения Республикасы Азаматтық авиация комитетінің шақыруымен Бас директордың орынбасары Дархан Еспотанов бастаған Қазақстан авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшылары Арменияның Азаматтық авиация комитеті және Звартноц халықаралық әуежайында (Ереван) болды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Сапардың мақсаты – АҚШ Көлік қауіпсіздігі басқармасының (TSA) алдағы алдын ала аудитінен өтуге консультациялық кеңес беру.
Сапар барысында ҚАӘ сарапшылары Арменияның авиациялық билігінің қызметімен және "Звартноц" халықаралық әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік жүйесімен танысты, сондай-ақ Армения Республикасының авиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін олардың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкестігі тұрғысынан талдау жасады.
Өз кезегінде, ҚАӘ сарапшылары зерттеген қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жабдықтарын енгізудің озық тәжірибесі Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздігіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу кезінде пайдаланылатын болады.
Сапар қорытындысы бойынша Арменияның Азаматтық авиация комитетінің мен ҚАӘ өкілдері авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға және кеңейтуге келісті.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.