09.12.2024
13:14:24
ru
kz

Kazakh Tourism: Сапа белгісі бағдарламасына өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда

Қазақстан жаңалықтары
29.10.2024
17:35
Kazakh Tourism: Сапа белгісі бағдарламасына өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда
Kazakh Tourism «Сапа белгісі» бағдарламасына өтінімдер қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Өткен жылы туристік саладағы 31 ұйым «Сапа белгісі» иегері атанды. Туризм индустриясы стандарттарының талаптарына сәйкес келетін кәсіпкерлерге Kazakh Tourism бірқатар артықшылықтар ұсынады.

Kazakh Tourism қызмет көрсету стандарттарын арттыруға және Қазақстанның туристік саласын дамытуға бағытталған «Сапа белгісі» бағдарламасына өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

Оған туристік нарық өкілдері төрт негізгі бағыт бойынша қатыса алады:
  • туроператорлық қызмет
  • орналастыру орындары
  • қоғамдық тамақтану пункттері
  • гидтер мен экскурсоводтарды даярлау жөніндегі оқу орталықтары

Kazakh Tourism компаниясы «Сапа белгісі» иегерлеріне өз қызметтерін ілгерілетуде қолдау көрсетеді және кәсіпкерлер арнайы тізілімге енгізіледі. Бұл өз кезегінде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және ұйымның беделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру барысы жеңіл. Өтінімді және және қажетті құжаттарды product@qaztourism.kz поштасына жолдау қажет.
Бағдарламаның толық шарттарымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Атап өткен жөн, өткен жылы Kazakh Tourism «Visit Astana» орталығымен ынтымақтастық аясында 35 елордалық кәсіпорын «Сапа белгісін» табыстады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.