24.11.2024
18:21:47
ru
kz

Қатонқарағайға жыл сайын 10 мыңға жуық турист келеді

Қазақстан жаңалықтары
04.04.2024
12:40
Қатонқарағайға жыл сайын 10 мыңға жуық турист келеді
Қатонқарағай ең алдымен ұлттық табиғи паркімен танымал, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жергілікті жерлердің інжу-маржандары – Марқакөл көлі, Белуха тауы, Бүркітаул тауы, Язевое көлі, Рахман қайнары. Катонқарағай өзінің тамаша шипажайларымен де танымал. Мұнда жас бұғы мүйіздерінен жасалатын, аты аңызға айналған пантокринді қолдана отырып, тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуге болады. Қатонқарағайда туристерді қызықтыратын көптеген радон көздері бар.

Оңтүстік Алтайда орналасқан елімізде жер көлемі бойынша ең үлкен ұлттық парк. Оның солтүстігі Ресеймен, шығысы Қытаймен, ал оңтүстігінде Темірқаба өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Ауданы 643 мың гектар, оның 215 мың гектары орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың текше метр, қорықтық аймақ жері 151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың гектар.
 
Жыл сайын ұлттық саябаққа 10 мыңға жуық турист келеді.

Туристік нысандарға Австриялық жол, Арасан сарқырамасы, Көккөл сарқырамасы, Рахман сарқырамасы, Язевое сарқырамасы, Мұзтау тауы, Көккөл кеніші, Берел қорымы, Рахман көлі, Язевое көлі (Қаракөл), Рахман көздері жатады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.