07.12.2024
07:08:03
ru
kz

ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Корея, Эфиопия және Боливия өкілдерімен ынтымақтастықты ұлғайтпақ

Қазақстан жаңалықтары
19.09.2024
19:55
ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Корея, Эфиопия және Боливия өкілдерімен ынтымақтастықты ұлғайтпақ
ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Корея Республикасы, Эфиопия және Боливия өкілдерімен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

ҚР Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Корея Республикасының, Эфиопия және Боливия Республикасының Тұрақты өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде ИКАО-дағы өзара іс-қимыл желісі бойынша мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, Корея республикасының өкілі, Елші Джэ Ван Лидмен кездесуде Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің ағымдағы жылғы маусымда Астанаға мемлекеттік сапарының тарихи маңыздылығы, сондай-ақ бұрын қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтар атап өтілді.

Тараптар 2024 жылғы маусымда екі мемлекеттің астаналары арасындағы әуе рейсін қалпына келтірудің маңыздылығын, сондай-ақ жаңа рейстерді ашу және қолданыстағы рейстерді ұлғайту жоспарларын атап өтті. 

Екіжақты ынтымақтастық мәселелері Эфиопияның Тұрақты өкілі Хивот Мосиса Дересса ханыммен кездесуде де талқыланды.
Тимур Тілегенов серіктесін азаматтық авиацияның отандық саласын одан әрі дамыту жөніндегі ағымдағы жай-күйі мен жоспарлары туралы хабардар етті. Өз тарапынан Хивот Дересса қазақстандық тарапты ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдіктің құрылуымен құттықтап, Эфиопияның ИКАО кеңесінде және ұйымның өзі аясындағы қызметінің басым бағыттары туралы айтып берді.


Боливияның Тұрақты өкілі Сельер Апарисио Ариспе Розаспен әңгімелесу барысында Тимур Тілегенов Қазақстанның авиациялық билік органдарының саланы басқару жүйесін реформалау, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті арттыру, әуе көлігінің қолжетімділігі, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар бойынша жүргізіп жатқан шаралары туралы айтып берді.

Әңгімелесу барысында тараптар ИКАО Кеңесінің жұмысын, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін жобаларды қоса алғанда, осы құрылымның негізгі аспектілері мен бастамаларын жан-жақты талқылады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.