30.06.2025
22:16:40
ru
kz

FlyArystan Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы рейстер санын арттырады

Қазақстан жаңалықтары
30.06.2025
15:57
FlyArystan Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы рейстер санын арттырады

FlyArystan жазда Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы рейстер санын арттыруда, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

FlyArystan әуекомпаниясы 2025 жылдың шілде айында Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы әуе қатынасын кеңейтуде. Қосымша рейстерге және қалаларға сәйкес ұшу жиілігінің 20-дан 60%-ға дейін ұлғаюы жолаушыларға жазғы сапарларын одан да қолжетімді әрі ыңғайлырақ жоспарлауға мүмкіндік ашады.


 

1-31 шілде аралығында Грузияның ірі қалаларының біріне рейстер Қазақстанның бес қаласынан жаңартылған кесте бойынша орындалады. 


 

Кутаисиге ұшу кестесі:


 

• Атыраудан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;

• Ақтаудан – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері;

• Шымкенттен – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;

• Астанадан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.


 

Кутаисиден ұшу кестесі:


 

• Атырауға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;

• Ақтауға – сейсенбі, сәрсенбі, жұмы, сенбі және жексенбі күндері;

• Шымкентке – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;

• Астанаға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері. 


 

Алматыдан Кутаисиге ұшатын рейстер өзгеріссіз қалады: шілде айында аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.


 

Әуебилеттері FlyArystan мобильді қосымшасында, www.flyarystan.com ресми сайты және басқа да қолайлы сату арналары арқылы рәсімдеуге қолжетімді. Стандартты тариф құнына салмағы 5 кг-ға дейінгі, өлшемдері 56 x 23 x 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі және ұшақтағы кездейсоқ орын кіреді. Әуекомпания қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеуді ұсынады, бұл жолаушыларға  шығынды 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.