21.11.2024
19:57:15
ru
kz

Ермек Маржықпаев Тау курорттары еуразиялық альянсының келешегін талқылады

Қазақстан жаңалықтары
30.05.2024
10:35
Ермек Маржықпаев Тау курорттары еуразиялық альянсының келешегін талқылады
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Тау курорттары еуразиялық альянсының келешегін талқылады

Тау курорттарының еуразиялық альянсы – Еуразия кеңістігінде ішкі туризмді және тау курорттарын бірлесіп дамытуға, кәсіби қарым-қатынас жасауға, туризм саласында тәжірибе алмасуға және тау курорттары брендтін нығайтуға, сондай-ақ альянсқа мүше елдердің мәдени және табиғи мұраларын сақтауға және өзара танымал етуге ықпал етеді.

Тау курорттарының еуразиялық альянсы қоғамдық бірлестігіне қазіргі таңда Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының тау курорттары кіреді, деп хабарлайды Travelpress.kz

Сонымен қатар бүгінде Армения (Майлер курорты), Беларусь (Силичи және Логойск курорттары) және Қырғызстанның курорттарын альянсқа қосу бойынша кеңес жүріп жатыр. Ұйымның болжамы бойынша, алдағы уақытта альянсқа кем дегенде Еуразия құрлығындағы 10 көрші ел мүше болмақ.

Былтыр Ресейдің Сочи қаласында өткен ТМД елдері Үкімет басшыларының кезекті кездесуінде ұйымдастырылған «Еуразия – біздің үй» халықаралық көрмесінде Альянс құру туралы Меморандумға қол қойылған еді. Альянстың бас хатшысы болып қазақстандық журналист және қоғам қайраткері Андрей Кукушкин тағайындалды. Ұйымның штаб-пәтері Алматыда орналасқан.

Бастапқы кезеңде альянс Мемлекетаралық таулы курорттар бойынша туристік маршрут ұйымдастыру, Еуразия таулы курорттарының жыл сайынғы фестивалін өткізу, «Еуразия таулары» сыйлығын тағайындау, «Табиғи туризм: жаһандық сын-қатерлер мен перспективалар» атты дәстүрлі конференциясын өткізу, ұйымға мүше елдердің тау курорттарында клубтың жыл сайынғы кездесулерін өткізу, Еуразияның белсенді журналистер клубын құру, Еуразиялық жаяу жүргіншілердің тау маршруттары қауымдастығын құру және жыл сайынғы қауымдастықтың форумдарын, Альянстың негізгі спорттық және музыкалық фестивальдерінің күнтізбесін насихаттауды ұйымдастырады.

«Тау курорттарының еуразиялық альянсы барлық маусымдық тау туризмін және ұйымға мүше елдер арасындағы өзара туризмді дамытуға, достық, көршілер арасындағы татулық, сенім мен өзара түсіністік аумағын кеңейтуге, сондай-ақ Еуразия кеңістіктегі туризмнің стратегиялық дамуына ықпал етеді», деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ Тау курорттарының еуразиялық альянсы 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанда Еуразия аймағындағы тау туризмін дамыту бойынша үлкен жиын өткізуді жоспарлап отыр. Оған Альянс құрамындағы және мүшелікке кіруге ниетті мемлекеттердің курортты аймақтары қатыспақ. Сонымен қатар жиында Тау курорттарының еуразиялық альянсы Хартиясына қол қойылып, альянстың таулы курорттар бойынша Мемлекетаралық туристік маршруты басталады деп күтілуде.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.