19.09.2024
22:13:25
ru
kz

Ермек Маржықпаев Ақмола облысындағы туризмді дамытуды мықтап қолға алмақ

Қазақстан жаңалықтары
02.03.2024
16:38
Ермек Маржықпаев Ақмола облысындағы туризмді дамытуды мықтап қолға алмақ
Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өңірдегі туризм саласындағы нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Министр Ермек Маржықпаев Бурабай ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылындағы «Atyrau Avenue» демалыс кешені мен Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты.
 
Аталған демалыс кешенінде туристер үшін барлық жағдай жасалған. Аумақта жалпы сыйымдылығы 64 қонаққа арналған қонақ үй бар. Сонымен қатар, кешен аумағында музей салу жоспарлануда.

Ақмола облысы – туристік салада еліміздің басым бағыттарының бірі. Туризм саласында қызмет көрсету бойынша өңірдің үлесі 9%-дан асады (175,7 млрд теңгенің 16,5 млрд теңгесі), мұнда елдің барлық орналастыру орындарының 9%-ға жуығы шоғырланған (республика бойынша 4009 орналастыру орнының 353-і). 2023 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша аймақ туризмінің негізгі көрсеткішінде оң динамика байқалады. Өңірге келетін туристер саны 956,7 мың адамды құрайды, оның 16 мыңға жуығы шетелдік туристер. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 3,2 мың адамға көп (9 айда 12,6 мың шетелдік саяхатшы келген).

«Біз еліміздің қолда бар орасан зор туристік мүмкіндігін толық пайдалануымыз керек. Ақмола облысы еліміздің туристік саласында ерекше орын алады. Аймақ алуан түрлі ландшафттарымен және мәдени бай мұрасымен ерекшеленеді. Туристік өнімнің негізі – емдеу-сауықтыру және экотуризм», - деді Ермек Маржықпаев.


Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға мемлекеттік бақылау жалғасуда, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылданды.

Жалпы, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін ойын бизнесі субъектілерінің саны 71-ден 29-ға дейін қысқарды. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын қайтарды. Сондай-ақ 2023 жылы тексеру нәтижесінде 9 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залының лицензиясы алынды.

Есеп беру кездесуінен кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Сапар соңында Ермек Маржықпаев жергілікті туризм өкілдерімен кездесіп, Ақмола облысындағы осы салаларды дамытудың жай-күйімен танысты.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.