11.11.2025
22:16:45
ru
kz

Елімізге келген туристер қалтасындағы қаржысын қайда жұмсайды?

Қазақстан жаңалықтары
11.11.2025
15:30
Елімізге келген туристер қалтасындағы қаржысын қайда жұмсайды?

Қазақстанға келетін шетелдік қонақтар өз ақшаларының үштен бірін қоғамдық тамақтану саласына бағыттайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Басқа мемлекеттерден келетін саяхатшылардың шығын құрылымы жергілікті асханаға, қонақжайлылыққа және тауарларға деген қызығушылығын көрсетеді. Kazakh Tourism компаниясы шетелден келушілердің орташа шығындары бойынша статистикалық мәліметтерді талдады.


 

Деректерге сәйкес, орта есеппен шетелдік туристер өз қаражаттарының басым бөлігін Қазақстанның мейрамханалары мен дәмханаларында тамақтануға жұмсайды - 27%. Бұл олардың жергілікті гастрономияға және қоғамдық тамақтану мәдениетінің дамуына деген қызығушылығын білдіреді.


 

Шығындардың 23% орналастыру орындарында тұруға  бағытталады. Бұл қонақ үй қызметтеріне деген сұранысты көрсетеді. 


 

Қаржының тағы 23% шетелдік меймандар азық-түлік, кәдесыйлар және ұлттық өндірістің бұйымдары тәрізді тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсайды.


 

Шетелдік қонақтар шығындарының 12% жуығы әуе тасымалына тиесілі. Олар 4% бюджетін көлік жалдауға жұмсап, еліміздің көрікті жерлері мен табиғи ландшафттарымен танысады. Ақшаның тағы 4% спорттық және рекреациялық қызметтерге қатысуға жұмсалады. Оның ішінде мәдени және спорттық іс-шаралар бар. 


 

Сонымен бірге орта есеппен 3% шығын зергерлік әшекейлер, өнер туындылары және антиквариат тәрізді құнды бұйымдарды Қазақстанда сатып алуға бағытталады.


 

«Шетелдік меймандардардың елімізде жұмсайтын қаражат құрылымы туризм индустриясының шағын және орта бизнестің, сондай-ақ қызмет көрсету салаларының дамуына қосатын үлесін көрсетеді», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить