50-ден астам мәртебелі спикерлер көшбасшылық, инновация, қаржылық сауаттылық, теңдік және әйелдер денсаулығы тақырыптарын талқылап, тәжірибелерімен бөліседі.
«Біздің аймақтың әйелдері өзінше ерекше: soft skills буынынан берілген қасиеттің арқасында біз тұрмысты, ана болу мен бизнесті шеберлікпен қатар алып жүре отырып, сонымен бірге керемет келін және ене ретінде еліміздегі жүздеген халықтың дәстүрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеміз. Бүгінгідей тез өзгеріп жатқан уақытта біз әлемнің тұрақтылық негізін, балаларымыздың бақытты болашағы мен серіктестеріміздің табыстылығын құра отырып басымызды біріктіріп, бір-бірімізді қолдауымыз керек. Орталық Азияның әйелдері өз аймағының даму драйвері болуы тиіс. Біздің талқылайтын, кеңес беретін және өзгерте алатын мүмкіндігіміз бар. Бүгін біз әлемге өз мүмкіндігіміз бен ілгерілеушілікке, білімге және шығармашылыққа ашық болу ынтызарлығымызды паш ете аламыз. Дәл осындай мақсатпен «BeWoman» Ортаазиялық әйелдер форумы құрылды: біздің алаңқайда әйелдер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, олардың жалғыз емес екенін, тіпті осы әлемнің ең күштілерінің өзі әрбір әйел үшін маңызды оқиғалар жайына алаңдайтынын түсінеді. «BeWoman» бағдарламасында біз өмірдің барлық салалары мен аспектілерін: жұмысындағы мүмкіндіктерден бастап, өзін, қателіктерін, жасын қабылдау, оның керемет көріністеріне дейінгіні қамтуға тырысамыз! Біз форумға қатысушыларға алған білімін өзінде ұстап отырмай, жарқын болашақты құруда таза әйелдік қасиет пен қоғамға қамқорлықпен өзара байланысты идеяларды дамыта отырып, жаныңдағы әйелді қолдап, шабыттандыратын идеялармен бөлісетініне шын жүректен сенім білдіріп, соған баршаңызды шақырамыз! Мен Алматы қаласының әкімшілігіне, форумның демеушілері мен серіктестеріне, сондай-ақ өзімнің достарым мен «BeWoman» қорын, жобаны жүзеге асыруға қолдау білдірген баршаға алғысымды айтамын!», - деді «BeWoman» қоры мен ортаазиялық әйелдер форумының негізін қалаушы, кәсіпкер, меценат және әлеуметтік жобалардың ұйымдастырушысы Жанна Кан.
Форум бағдарламасы 10 елден келген 50-ден астам спикердің талқылауынан, 6 панельді сессия мен 6 воркшоптан тұрады. «BeWoman» форумы гендерлік таптаурындарды жеңіп шығып, табысқа қол жеткізген әйелдер, сондай-ақ әлемге әйгілі тауашалы сарапшылар сөз сөйлейтін алаңшаға айналады.
Бұл сарапшылардың қатарында:
Габор Матэ – психотерапевт, бала кезгі зақымдар мен күйзелістің арасындағы байланысты зерттейтін бестселлерлер авторы
Аюми Мур Аоки – «Women in Tech» қозғалысының негізін қалаушы
Татьяна Бакальчук – Wildberries маркетплейсінің бас директоры және негізін қалаушылардың бірі
Алена Долецкая – журналист және публицист
Ксения Собчак – журналист
Эштон Эпплуайт – «Anti Ageism» информациялық агенттігінің тең құрылтайшысы
Гульчехра-бегим Махмудова – Өзбекстанның белгілі кәсіпкері және тағы басқалар.
Бұдан бөлек, «BeWoman» ортаазиялық әйелдер форумы ерекше көңілді отандастарын өмір жолы шабыттандыратын Қазақстаннан шыққан қатысушыларға бөледі. Олардың арасында тележүргізуші Динара Сәтжан, кәсіпкер Асел Машанова, театр режиссері және сценарист Разия Хасанова, адвокат Жанна Уразбахова, Қазақстандағы «ООН-женщины» Бас офисінің басшысы міндетін атқарушы Дина Амришева, Айжан Чыныбаева және басқа да пікір көшбасшылары бар.
Естеріңізге сала кетейік, «BeWoman» алғашқы ортаазиялық форумы 2024 жылдың наурызында тоғыз елдің 700 қатысушысының басын қосқан Ташкент қаласында өтті. Ол кезде бұл шара гендерлік теңдік, бизнес, ғылым, өнер, медицина және медиа мәселелерін талқылаған орынға айналды.
Ұйымдастырушылардың болжауынша, 17 қазанда Алматыда өтетін шара Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 3500-ден астам қатысушыны тартады. Жасы мен мамандығына, тәжірибесіне қарамай, қатысамын деген барлық қалаушылар шақырылады.
Форумға тіркелу басталды, орын саны шектеулі. Қосымша ақпараттар шараның ресми bewoman.asia сайтында бар.