Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 700-ден астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы болып саналады.
Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Сарыбель, Макинка, Елтай, Ақкөл, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан 700-ден астам жолаушы тасымалданды.
Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.