Астана - Прага тікелей рейсі қайта жанданды,деп хабарлайды Travelpress.kz.
Астана әуежайынан Прага қаласына рейстер ұзақ үзілістен кейін қайта іске қосылды. Бүгін елорда әуежайының қызметкерлері мен қонақтары осы маңызды шараны салтанатты түрде атап өтті.
Салтанатты шараға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, Астана халықаралық әуежайының басшылығы және SCAT әуекомпаниясының өкілдері қатысты. Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуеқатынастарын реттеу басқармасының басшысы Әділет Көбенов Scat авиакомпаниясын рейстің қайта жаңғыруымен құттықтап, тікелей рейс екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтатынын атап өтті. Scat авиакомпаниясының өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, Прагаға рейсті қайта бастау бойынша үлкен жұмыс жүргізгенін айтты. Сонымен қатар, Астана халықаралық әуежайы Басқарма төрағасының коммерция жөніндегі орынбасары Ермек Күміспаев Scat әуекомпаниясын 5 жылдық үзілістен кейін рейстің қайта оралуымен құттықтап, бұл елорда әуежайы үшін 48-ші бағытпен толыққанын хабарлады.
Астанадан Прагаға тұрақты рейстер аптасына 2 рет Boeing-737-де орындалады. Бұл рейстің іске қосылуы туристік индустрияны дамыту және Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстарды нығайту үшін қажет.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.