31.12.2025
17:32:19
ru
kz

Астана халықаралық әуежайы 9,2 миллионыншы жолаушыны қарсы алды

Қазақстан жаңалықтары
31.12.2025
15:47
Астана халықаралық әуежайы 9,2 миллионыншы жолаушыны қарсы алды

2025 жылдың қорытындысы бойынша Астана халықаралық әуежайы 9,2 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Бұл – елорданың Қазақстандағы жетекші авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін айқын дәлелдейді.


 

9,2 миллионыншы жолаушы Turkish Airlines авиакомпаниясының халықаралық рейсімен келген шетел азаматы Cola Andreas болды. Ол Астанаға отбасымен бірге ұшып келді.


 

Айтулы оқиғаға орай жолаушы мен оның отбасы Астана халықаралық әуежайы, Turkish Airlines авиакомпаниясынан және Astana Visit атынан естелік сыйлықтарымен марапатталды.


 

Бүгінде әуежайдан тәулігіне 200-ден астам рейс орындалады. Жолаушылар ағынының тұрақты өсуі әуе тасымалдарына деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.


 

Бұл көрсеткіш – Астана халықаралық әуежайы ұжымының жүйелі еңбегі мен жолаушылар сенімінің нәтижесі.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить