04.12.2024
00:16:40
ru
kz

Астана әуежайындағы өрт ауыздықталды

Қазақстан жаңалықтары
27.02.2024
09:38
Астана әуежайындағы өрт ауыздықталды
27 ақпан таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.

"112-ге Астана қ. халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін, эвакуация жүргізілуде",- делінген хабарламада.

08:24-те өрт толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде қатты түтіннің пайда болуына байланысты әуежай терминалындағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
 
20 негізгі техника, 3 арнайы техника және 58 адам өртке қарсы жұмысқа жұмылдырылды.
 
Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. Алайда Астана халықаралық әуежайынан ұшатын 18 рейс кешіктірілуде. Олар: КС205 Астана-Дубай, DV702 Астана-Шымкент, КС 952 Астана-Алматы, IQ389 Астана-Жезқазған, КС 7052 Астана –Алматы, DV783 Астана-Өскемен, КС 313 Астана-Ақтау, ТК 357 Астана-Ыстамбұл, DV 747 Астана-Павлодар, КС7341 Астана-Қостанай, DV821 Астана-Пулково, КС 852 Астана-Алматы, КС7315 Астана – Қызылорда, Lo196 Астана-Варшава, IQ367 Астана- Қостанай, DV716 Астана-Шымкент, IQ437 Астана-Петропавл, КС345 Астана-Өскемен.
 
Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді.

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.