Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша (әрі қарай - БҚДА) департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұған дейін әуежайдың Instagram-дағы ресми аккаунтында ақылы автотұрақ аймақтарында тарифтердің өсуі туралы ақпарат (https://www.instagram.com/p/DAsxpB_M0wx/?igsh=MXRla2p0djQzMjk0ZQ%3D%3D&img_index=1) жарияланған болатын.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақ кеңістігінің қымбаттағаны туралы хабарланды (https://tengritravel.kz/my-country/parkovka-stanet-doroje-v-aeroportu-astanyi-549990/; https://bes.media/news/v-aeroportu-astani-podorozhaet-parkovka/).
Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің ескертуі нәтижесінде «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ ақылы тұрақ аймақтарында бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.