Астана әуежайы қысқы маусымда демалу үшін ең танымал халықаралық бағыттарды атады. Ол Нячанг, Санья және Дубай, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
Нячанг (Вьетнам) елорда мен Қазақстанның басқа да тұрғындарының сүйікті бағытына айналды. Нячанг қаласына Камрань әуежайы арқылы жетуге болады. Астана әуежайынан Vietjet әуекомпаниясы бұл қалаға А330 ұшағымен аптасына екі рет ұшады.
Келесі сұранысқа ие бағыт Санья қаласы (Қытай). Демалуға ғана емес, сонымен қатар емдік процедуралардан өтуге болатын курорттық қала. SCAT әуекомпаниясы аптасына екі рет B737 ұшақтарымен Саньяға рейстер орындайды.
Сонымен қатар, Дубай қаласы да сұранысқа ие бағыт болып қала береді. Fly Dubai және Air Astana әуекомпаниялары Дубайға күн сайын қатынайды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.