22.10.2025
23:40:41
ru
kz

Алматы мен Варшава арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстан жаңалықтары
22.10.2025
16:17
Алматы мен Варшава арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алматы мен Варшава арасында тікелей әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Алматы халықаралық әуежайы өз маршруттық желісін кеңейтіп, Еуропаға іскерлік және туристік сапарлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Осы орайда Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines жаңа Варшава – Алматы – Варшава бағытын іске қосатынын хабарлады. Алғашқы рейс 2026 жылдың 31 мамырында орындалмақ.

 

Рейстер жазғы маусымда аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері) және қысқы маусымда аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері) қатынайды. Ұшу уақыты Варшавадан шамамен 6,5 сағатты, ал кері бағытта шамамен 7,5 сағатты құрайды. Рейстер Boeing 737 MAX 8 әуе кемелерінде орындалады.



«Алматы – бұл LOT Polish Airlines тұрақты маршруттар желісіндегі Қазақстандағы екінші қала. Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Польшаның өңірдегі негізгі сауда серіктестерінің бірі. Бұл нарық іскерлік те, туристік те сапарлар үшін үлкен әлеуетке ие. Біз жаңа бағыттың көптеген жолаушыға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз», – деп атап өтті LOT Polish Airlines әуе компаниясының уәкілетті өкілі және маршруттық желісін жоспарлау департаментінің директоры Роберт Людера.


LOT Polish Airlines (Польша әуе желілері) – 1929 жылы құрылған Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Компания әлемдегі ең ірі және беделді – Star Alliance халықаралық авиациялық альянсының мүшесі.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.