21.11.2024
20:21:17
ru
kz

Әлихан Байдүсенов "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары
26.08.2024
14:35
Әлихан Байдүсенов "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
Ұлттық компанияның директорлар кеңесін алғаш рет тәуелсіз директор басқарды.

Әлихан Байдүсенов - сертификатталған тәуелсіз директор және аудитор (Certified Director IoD, Certified Risk-Based Auditor), тәуелсіз директорлар қауымдастығының Бақылау кеңесінің мүшесі, "KazEnergy"қауымдастығының атқарушы директоры.

Жеке секторда 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде "Қазмұнайгаз" тобында жобаларды басқаруда 9 жылдық тәжірибесі бар.

АҚШ-тың Naval Postgraduate School (Монтерей, Калифорния, АҚШ) әскери-теңіз күштерінің қаржыгерлер мектебін бітірген, британдық корольдік кәсіби директорлар институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де экономика магистрі дәрежесін алды.

Корпоративтік басқарудың халықаралық тәжірибесі бойынша тәуелсіз директорды Директорлар кеңесінің басшысы етіп тағайындау объективтілікті қамтамасыз етеді, басқаруды бақылауды жақсартады және корпоративтік басқаруды нығайтады. Сондай - ақ, "Kazakh Tourism" Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына тәуелсіз директорлар - "Olympex Advisers" ЖШС басшысы Миран Мәуленов және қазақстандық туристік қауымдастықтың басшысы Рашида Шайкенова енді.

Ұлттық компанияның жоғары органының құрамындағы мемлекеттік секторды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Нұрмахан Әділбеков, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев және ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов ұсынады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.