Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда жоспарланған Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына барлық рейстер үшін сатып алу орны бойынша қаражатты толық қайтаруды ұсынады.
Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Жолаушылар ыңғайлығы үшін айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі беріледі.
Еске салайық, Air Astana тобы қажет болған жағдайда зардап шеккендерге ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тасымалдау сыйымдылығын 2500-ден астам орынға арттырып, Атыраудан қосымша 14 рейс іске қосты.
Мына нөмірлерге хабарласуға болады:
+7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477, +7 705 927 4477
+7 702 702 00 74 (24/7)
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.