05.02.2025
12:00:23
ru
kz

Air Astana IATA CO2 Connect жүйесіне қосылды

Қазақстан жаңалықтары
03.02.2025
20:25
Air Astana IATA CO2 Connect жүйесіне қосылды
Air Astana IATA CO2 Connect бастамасына қосылып, тұрақты дамуды ілгерілетуде, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Air Astana IATA CO2 Connect бастамасына қосылған Орталық Азия мен ТМД бойынша алғашқы әуе тасымалдаушысы атанып, өңірде тұрақты даму саласындағы жаңа стандартты белгіледі.  
 
IATA CO2 Connect жобасы әуекомпанияларының операциялық деректеріне негізделген көміртегі шығарындыларын есептеуге арналған. Air Astana әлем бойынша бұл бастамаға қосылған 50-ден астам әуе компаниялар қатарына еніп, нақты операциялық деректерді ұсыну арқылы CO2 шығарындыларын есептеудің дәлдігін арттыруға үлес қосады. Бұл авиация саласының 2050 жылға қарай көміртегі шығарындыларын төмендету жөніндегі жаһандық міндеттемесіне сәйкес келеді.  

«Климаттың өзгеруіне қарсы бірлескен әрекеттердің авиацияның болашағы үшін маңызды зор. IATA CO2 Connect бастамасына қосылу арқылы біз әлемдік әуе тасымалдаушыларымен бірлесе отырып, бұл өзгерістерге үлес қосатынымызға қуанамыз», – деді Air Astana әуекомпаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.  

 
Air Astana-ның IATA CO2 Connect жобасына қатысуы компанияның авиация саласындағы экологиялық жауапкершілігін нығайтып, өңірлік және жаһандық деңгейде тұрақты даму бастамаларын қолдайтынын көрсетеді. Air Astana инновациялық шешімдерді енгізуді, ашықтықты арттыруды және авиацияның тұрақты болашағына үлес қосуды жалғастыруда.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.