Air Astana флоты жаңа ұшақпен толықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Airbus A320neo ұшағы 29 маусымда Астанаға тікелей Тулузадағы (Франция) өндірістік зауыттан келді. Ұшақ әуекомпания флотындағы 47-ші Airbus ұшағы және Air Astana тобының жалпы флотындағы 54-ші ұшағы болды.
Жаңа Airbus A320neo төмен шу деңгейі, ұлғайтылған ұшу қашықтығы және отын тиімділігімен ерекшеленеді, әрі сонысымен Air Astana-ның қоршаған ортаға әсерді азайту және операциялық тиімділікті арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді.
Air Astana әуе кемелері паркін белсенді толықтыруды және әуе тасымалы нарығындағы позициясын нығайтуды жалғастыруда.
Жаңа Airbus A320neo әуекомпанияның маршруттық желіні кеңейтіп, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша саяхаттауға ыңғайлы бағыттар ұсынуға мүмкіндік береді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.