19.09.2024
22:06:39
ru
kz

Air Astana Атырау мен Ақтау арасындағы ұшақ билетінің қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Қазақстан жаңалықтары
08.04.2024
15:45
Air Astana Атырау мен Ақтау арасындағы ұшақ билетінің қымбаттауына қатысты пікір білдірді
Осыған дейін әлеуметтік желіде Атыраудан Ақтауға дейін қымбаттаған билеттердің скриншоттары жаппай тараған болатын. Онда төрт жолаушы үшін 8 сәуірдегі рейстің бағасы 576 610 теңге жазылған, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Air Astana әуекомпаниясы әлеуметтік желілерде жүрген скриншоттарда қате ақпарат таратылғанын  мәлім етті.



Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген, алайда ол жерде Ыстанбұл арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер көрсетілген, ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттері ұсынылған. Осылайша, мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстыруда.

Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз.

"Әуекомпания ішкі бағыттардағы әуебилеттерінің құнын өсірген жоқ. Керісінше, Air Astana әуекомпаниясы отандастарымыз ұшып кете алуы үшін Атыраудан Алматыға және кері қарай қосымша рейстер енгізді", - делінген хабарламада.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.