24.11.2024
04:14:20
ru
kz

5 жыл ішінде елімізде 500-ден астам жаңа жолаушылар вагоны пайда болады

Қазақстан жаңалықтары
23.05.2024
13:15
5 жыл ішінде елімізде 500-ден астам жаңа жолаушылар вагоны пайда болады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ ағымдағы қызметтердің қорытындысы және 2024 жылғы жазғы тасымалдарды ұйымдастыру бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Жәнібек Тайжанов өз сөзінде, Қазақстанда 138 теміржол жолаушыларының бағыты бар екенін атап өтті. Оның ішінде Ұлттық тасымалдаушы 97 бағыт бойынша, ал қалған бағыттарда жеке тасымалдаушылар мен халықаралық пойыздар қызмет көрсетеді.


Ұлттық тасымалдаушының вагон паркінде 2157 жолаушылар вагоны бар (стандартты, Тальго және электродизель пойыздары). Соңғы 10 жылда компания 1,5 мыңға жуық заманауи вагон сатып алды. Оның ішінде вагон паркі 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында - 150-ден астам вагонға толықтырылды. Жаңа вагондар Алматы-Маңғыстау, Алматы-Атырау, Атырау-Астана, Атырау-Маңғыстау, Астана-Шымкент, Астана-Семей, Қызылорда-Семей, Алматы-Жезқазған, Павлодар-Алматы, Павлодар-Түркістан және Атырау-Ақтөбе бағыттары бойынша пойыздар құрамына енгізілді.

2030 жылға дейін 700-ден астам вагон жеткізілуі күтілуде, оның ішінде «Штадлер Қазақстан» өндірісінің 537 вагоны кіреді.


2024 жылдың жаз айларында Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдау жоспарланып жатыр. Теміржол көлігі еліміздің туризм саласын дамытуда шешуші рөль атқарады. Танымал туристік бағыттардың бірі - Алакөл көліне биыл Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордан 12 бағыт бойынша пойыздар қатынайды. 10 бағыт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары, екі бағыт бойынша - жеке тасымалдаушылар құрамы жүретін болады. Пойыздарда ұсынылған орындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 16 мыңға өсіп, туристік маусымда жолаушылардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін 270 мың орынды құрайды. Ұлттық тасымалдаушы өз пойыздарын ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан қалыптастыратын болады.


 Ұлттық тасымалдаушы «Әйелдерге арналған вагон» жобасын одан әрі дамыту бойынша сауалнама жүргізді. Оған 600-ден астам респондент қатысты. Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша әйелдер вагондарын тағы үш бағытта іске қосу туралы шешім қабылданды. Енді №354/353 «Астана-Семей», №24/23 «Ақтөбе-Алматы» және №25/26 «Алматы-Шымкент» бағыттарында әйелдерге арналған вагондар қатынайды. Жалпы, әйелдерге арналған вагондары бар пойыздар 11 бағыт бойынша жүреді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 70 мыңнан астам жолаушы «әйелдерге арналған вагондар» қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өскен.
 

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.