09.05.2025
11:47:41
ru
kz

27 сәуірден бастап «Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Қазақстан жаңалықтары
22.04.2025
19:59
27 сәуірден бастап «Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
«Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Биылғы жылдың 27 сәуірінен бастап «Южное небо» әуе компаниясы "Семей – Астана – Семей" бағытында жаңа әуе рейсін ашады. Жолаушыларды 48 орындық Ан-24 ұшағы тасымалдайды.10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет орындалады, ал мамырдың ортасынан бастап олардың жиілігі аптасына бес ретке дейін артады.

1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша қосымша рейстер іске қосылмақ:

«Алматы – Семей – Алматы» – аптасына үш рет,

«Астана – Семей – Астана» – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Сондай-ақ 1 маусымнан бастап «Скат» әуекомпаниясы "Алматы – Үржар – Алматы", "Астана – Үржар – Астана" рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.