09.12.2024
00:23:58
ru
kz

18 қарашада елімізде бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін жаңа виза күшіне енеді

Қазақстан жаңалықтары
11.11.2024
19:15
18 қарашада елімізде бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін жаңа виза күшіне енеді
18 қарашадан бастап Қазақстанда бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңартылған виза ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жаңа өзгерістер келесіні қамтиды:

– «В9» визасы – сұранысқа ие кәсіптер өкілдеріне одан әрі тұрақты тұруға ықтиярхатты ресімдеуге мүмкіндік беретін санаты;

– Digital Nomad Visa – IT мамандарына арналған бір реттік электронды және көп реттік қағаз визасы, тұрақты тұру мүмкіндігін береді;

Neo Nomad Visa – айына кемінде 3000 АҚШ долларын құрайтын табысты растаған жағдайда ұзақ мерзімді болу құқығын беретін «неономадтар» үшін туристік виза;

– «С5» бизнес-визасы үшін талап етілетін құжаттар тізімі айтарлықтай азайып, отбасы қосылуы мақсатында виза алу үшін неке-отбасы қатынастар ұзақтығының минималды мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды.

Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білікті мамандарды тартуға және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.