19.09.2024
21:55:21
ru
kz

16-18 тамызда DRIVE FORUM БУРАБАЙ 2024 фестивалі өтеді

Қазақстан жаңалықтары
15.08.2024
10:06
16-18 тамызда DRIVE FORUM БУРАБАЙ 2024 фестивалі өтеді
2024 жылғы 16-18 тамызда Ақмола облысының әкімдігі "Қазақстандық кемпингтік туризм және керуен Қауымдастығы" ЗТБ-мен бірлесіп Бурабай кентінің жанында орналасқан "Forrest Farm Aqmaral" марал шаруашылығы фермасында DRIVE FORUM БУРАБАЙ 2024 фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Фестивальдің мақсаты - қазақстандықтарды туған елі бойынша саяхаттауға баулу, жыл сайынғы фестиваль құру және Қазақстанның автотуристері мен керуеншілерін, инфрақұрылым (кемпингтер/глампингтер) өндірушілері мен иелерін және нарықтың басқа да қатысушыларын біріктіру.

Фесттің негізгі міндеті - автотуризм мен керуен кластерін құру, Қазақстанда керуен мен автотуризмді дәріптеу.

Фестивальге АВТО саяхатшылар, кемпинг/ глэмпинг өкілдері, глэмпинг және автотуризм тауарларын өндірушілер, қоғамдастықтар, турблогерлер, туризм саласындағы мемлекеттік органдар, халықаралық автоклубтар, соның ішінде Vanlife Ural, RED Off ROAD (кочующий красный слон), extreme club UZBEKISTAN және басқалары қатысады. 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.