09.06.2025
03:09:34
ru
kz

Пойыз жүргізушісі өткелде автобустың соқтығысуына жол бермеді

Оқиғалар
08.06.2025
13:46
Пойыз жүргізушісі өткелде автобустың соқтығысуына жол бермеді

Жолаушылар пойызының жүргізушісі 

өткелде автобустың соқтығысуына жол бермеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 
 

2025 жылғы 7 маусымда Қорағатты — Татты аралығының (Тараз — Шу учаскесі) күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде жолаушылар пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолданып, жақындап келе жатқан құрамның алдына жолға шығып кеткен автобуспен соқтығысудың алдын алды.

 

Автобус жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Болған оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

Локомотив бригадасының қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында жолаушылар мен құрамға ықтимал зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды. 


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.