21.11.2024
19:50:17
ru
kz

Оқу жылының басынан бері Алматыда шетелдік студенттер 6 қылмыс жасаған - полиция

Оқиғалар
03.05.2024
20:01
Оқу жылының басынан бері Алматыда шетелдік студенттер 6 қылмыс жасаған - полиция
Алматыда полицейлер шетелдік студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Travelpress.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, кездесудің негізгі мақсаты – шетелдік студенттерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауға шақыру.

"Бүгінде Алматыда студенттер қауымы көп және 180 мың адамды құрайды. Олар 36 жоғары оқу орнында білім алып жатыр. 900 студент – шетелдіктер. Студент жастар кез келген қоғамның ең озық және ұйымдасқан бөлігі саналады. Жеке тәртіпті сақтап, оқуға келген елдің заңын бұзбау керектігін ескертемін. Студенттердің құқық бұзушылық жасауының негізгі себептері – қолданыстағы заңнама негіздерін білмеуі, құқықтық мәдениеттің төмен деңгейі, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналыспау және бос уақытты жеткіліксіз ұйымдастыру", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.



Спикердің айтуынша, оқу жылының басынан бері Алматыда шетелдік студенттер 6 қылмыс жасаған. Осындай кездесулер Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарындағы жоғары оқу орындарында бір уақытта өтті.

"Біз шетелдік студенттер мен еліміздің қонақтарына Қазақстан Республикасының заңнамасы мен тәртібін сақтауға, елде болған кезде ұлтаралық және руаралық алауыздықты ұмытуға шақырамыз. Өйткені, сіздердің елде тұруларыңыздың басты басымдығы – оқу, білім алу", – деді Аханов.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.