15.08.2025
14:50:20
ru
kz

Құтқарушылар тауда адасып қалған туристтерді құтқарды

Оқиғалар
12.08.2025
11:29
Құтқарушылар тауда адасып қалған туристтерді құтқарды

Түнде Іле Алатауы тауларында құтқарушылар адасып қалған туристтерге көмекке келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Кеше түнде Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметіне Фурманов шыңына көтерілмек болған екі адам шыңға жете алмай, қайтып келе жатқанда жолдан адасып кетті деген хабарлама келіп түсті. 


Тез арада «МузТау» бақылау-құтқару бекетінен бес құтқарушы көмекке шықты.


 

Құтқарушылар Медеуге жетіп, Кимасар шатқалымен көтеріліп, одан әрі Фурманов шыңына қарай қозғалысты жалғастырды.


 

Іздестіру жұмыстары барысында туристтер табылып, оның біреуі аяғың жарақаттап алғаны анықталды. Құтқарушылар дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті. Зардап шеккен адам жедел жәрдем бригадасын шақырудан бас тартты.


 

Құтқарушылар зардап шеккендерді Медеуге дейін жеткізіп, сол жерде күтіп тұрған ата-аналарына тапсырды.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.