Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында, «Шахтёр» демалыс үйінің маңында тауға серуендеуге шыққан екі туристі іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
ТЖМ іздестіру тобы дронның көмегімен туристерді демалыс үйінен шамамен 2,5 шақырым қашықтықтан тапты. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Орманға немесе тауға шыққанда өзіңізбен бірге қуаты толық телефон, су және азық-түлік қорын алыңыз. Жақындарыңызға бағытыңызды алдын ала хабарлаңыз және қараңғы уақытта жолға шықпаңыз!
