07.12.2024
07:27:49
ru
kz

Көші-қон заңнамасын бұзған 83 шетелдік елден шығарылды

Оқиғалар
16.05.2024
19:01
Көші-қон заңнамасын бұзған 83 шетелдік елден шығарылды
Алматы полициясы көші-қон заңнамасын бұзған 83 шетелдікті елден шығарды, – деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Мәселен, Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары туралы болып отыр. Полицейлер оларды “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

«Іс-шара басталғалы 832 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 83 шетелдік ҚР-дан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 177 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 23 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 171 шетелдік орналастырылды», – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


Сонымен қатар Алматыда өткен ЖАІ күндерінде Қазақстаннан өз бетінше шығу туралы сот шешімін орындамаған 21 шетелдік ұсталды.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.