Ақтөбе – Астрахань тас жолының жабылуына байланысты 100-ге жуық жолаушы Ұлттық тасымалдаушы пойызымен жеткізілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары мен Ақтөбе – Астрахань тас жолының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау және отырғызу жұмыстарын жедел ұйымдастырды.
2025 жылғы 15 желтоқсанда №691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы арқылы жолаушылардың қозғалысы қамтамасыз етілді:
• Сағыз станциясынан Ақтөбеге дейін — 20 жолаушы;
• Қарауылкелді станциясынан Ақтөбеге дейін — 30 жолаушы;
• Қандыағаш станциясынан Ақтөбеге дейін — 46 жолаушы.
Жалпы саны 100-ге жуық жолаушы тасымалданды.
Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
