07.12.2024
08:14:04
ru
kz

АҚШ-та полиция қызметкерлері қазақ жігітін ұры ретінде қабылдап қалған

Оқиғалар
12.01.2024
15:10
АҚШ-та полиция қызметкерлері қазақ жігітін ұры ретінде қабылдап қалған
Қазақстаннан келген Асқар АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында техник болып жұмыс істейді. Жақында ол бір үйдегі желіні ауыстыру кезінде келеңсіз оқиғаға тап болады.

"Мен тапсырыс бойынша желіні ауыстыруға келдім. Сөйтіп интернетті өшіріп, клиентті байланыстан ажыратып өз жұмысымды бастап жатыр едім, кенеттен бейне бақылау камералары өшіп, дабыл соғылып кетті", — деді Асқар.

Дабыл соғылған соң, бірнеше минуттан кейін полицейлер келген. Содан Асқар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген.
 
Айта кету керек, оқиға Нью-Гэмпшир штатында орын алды. Ол штат ең қауіпсіз штаттардың бірі болып саналады.

Safewise.com деректеріне сәйкес аймақта соңғы 7 жылда бар болғаны 2 тонау әрекеті тіркелген.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.