08.12.2024
02:05:04
ru
kz

АҚШ пен Ресей азаматтары қос азаматтығы үшін елден шығарылды

Оқиғалар
11.11.2024
12:32
АҚШ пен Ресей азаматтары қос азаматтығы үшін елден шығарылды
АҚШ пен Ресей азаматтары қос азаматтығы үшін елден шығарылды, – деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлім етті. Осы жылдың 10 айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3022 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот шешімі бойынша 977 шетелдік азамат елден тысқары шығарылды. Қос азаматтығы бар 375 тұлға анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Мәселен, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметі ҚР ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, әуежайды пысықтау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 32 жастағы АҚШ азаматын анықтады. Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әйел ҚР аумағына алдағы 5 жылда кіре алмайды. Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды. Алматы қаласының әуежайында да дәл осындай қос азаматтық бойынша құқық бұзушылық Ресей Федерациясының үш азаматынан анықталды.

Сот қаулысымен олардың екеуі ҚР аумағынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылса, ал соңғысы 200 АЕК айыппұл арқалады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.