Алматыдағы Абай алаңында Almaty Food Fest 2024 гастрономиялық фестиваль өтті! Әр елдің ұлттық тағамдарын ұсынған 50-ден астам мейрамхана мен 30-дан астам фермерлік және қолөнершілер дүңгіршегі бір жерге жиналып, қонақтарды таң қалдырды.
Дәмі тіл үйіретін сан алуан тағам, шеберлік дәрісі, байқау мен жүректі тербейтін әсем әуенге толы іс-шара көптің көңілінен шықты!