Жаңа жылды дәстүрлі мерекелеу жалықтыра бастаған, мекерені атап өтудің теңдесі жоқ үлгісін қалаған жандар үшін Қазақстан мерекелік демалыс үшін бірегей орындарды ұсынады. Біз Сіздерді Жаңа жылды қарсы алу керемет шытырман оқиғаға айналатын Алматы тауларына шақырамыз.
Алматыдан небәрі 40 минуттық жерде, ұлттық саябақтың ортасында «Марал-Сай» деп аталатын бірнеше жайлы базалар орналасқан. Қысқы орман мен тау бөктерінде Сізді бассейн, караоке және, әрине, жаңа жылдық банкет күтеді. Жайлы бөлмелерге, сондай-ақ жеке коттедждерге орналасуға болады.
Жаңа 2024 жылды Іле-Алатаудың қақ төрінде, Алматы Президенттік паркінен 20 минуттық жерде қарсы алуға болады. Ағаш үйлер табиғаттан және интернеттің болмауынан ләззат алып, қаланың қарбаласынан демалудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Мұнда Сіз дәмханалар, мейрамханаларға барып, сарқырамалар мен басқа да табиғи көрікті жерлерге жаяу серуендей аласыз.
Теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте керемет көріністер мен Үлкен Алматы көліне серуендеуге мүмкіндік беретін бірнеше тау қонақ үйлері орналасқан. Мұнда Сіз тауда жеке өмірден ләззат алып, жайлы коттедж бөлмелерінде тұра аласыз. Тұру құны - екі күн тұруды қоса алғанда, бір адамға 35 000 теңгеден басталады. Мейрамханада кешкі ас пен шоу-бағдарлама бөлек төленеді.
Бурабай курорты ең нағыз қысқы демалысты ұсынады: қарлы орманда, мұз қатқан көлдің жағасында серуендеу, коньки тебу, шаңғы және сноуборд тебу, Аяз ата резиденциясы, марал фермасы.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.