Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты

Басты жаңалықтар
21.05.2024
21:44
Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты
Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді.



Айта кетейік, бұған дейінгі индексте Қазақстан 117 мемлекет арасынан 66 орынға орналасқан еді. Біздің еліміз мына санаттар бойынша ең жоғары баға алды: бағалық бәсекеге қабілеттілік (2 орын), туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5), денсаулық сақтау және гигиена (23), табиғи (30) және мәдени ресурстар (48), сондай-ақ адами капитал мен еңбек нарығы (43) және туристік инфрақұрылым мен сервис (47).

Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие мемлекет болды.

«Бұл керемет жаңалық! Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз - осы рейтингтің үздік 50 мемлекеттері қатарына кіру. Қазір бұл мақсаттан бізді тек екі позиция алшақтатып тұр.. Бұл орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, қауымдастықтардың, бизнес пен жоғарғы оқу орындарының бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды. Менің ойымша, бұл біздің ортақ жеңісіміз, барлығын құттықтаймын! Енді біз тек ТОП-50-ге ғана емес, ТОП-30-ға кіру үшін де қарқынды жұмысты жалғастыруымыз керек», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Садуақасов.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.