Белгілі астролог Гүлнәр Сәрсенбаева арнайы Travelpress.kz сайты үшін жұлдызнама белгісіне қарай 2024 жылы қай елге барып саяхаттауға болатынын айтты. Сонымен қайда демалған дұрыс?
Тоқты: шытырман оқиға
Тоқты белгісінде туған адамдар үшін жылдам әрі естен кетпес саяхат маңызды. Бұл адамдарға жаяу жүріп, жаңа орындарды тамашалаған қызық. Себебі олар өзге жұлдыз белгісіндегілерге қарағанда аса белсенді. Сондықтан бірқалыптылық демалыс оларды тез жалықтырып жібереді. Егер шетелге шығуды ойына алса, Германия, Марокко және Египетке барып, демалғаны абзал. Бұл елдер өмірге деген құштарлығын одан сайын оятады.
Торпақ: жайлылық
Торпақтар табиғат аясындағы әсем көрініс пен атмосфераға толы ыңғайлы демалысты қалайды. Және сұлулық пен жайлылыққа қатты мән береді. Сондықтан бұл жылы Швейцария және Грузияға барып тынығуларына болады.
Егіздер: достармен бірге белсенді демалыс
Егіздер көңілді ортаны ұнатады. Сондықтан саяхаттап барған жерде халық көп жиналатын көңіл көтеретін орындарда жиірек болғаны абзал. Демалыс – олар үшін белсенділік, шытырман оқиға және қарым-қатынас. Биыл АҚШ, Бразилия және Таиландқа барып демалғандары жөн.
Шаян: отбасылық үйлесімділік
Шаяндар отбасымен бірге теңіз жағасында тыныш демалғанды жақсы көреді. Суға шомылып, күнге қыздырыну үшін БАӘ мен Түркияға саяхаттаса болады. Әдемі көріністерді тамашалай алады.
Арыстан: ерекше әрі жайлы саяхат
Арыстандарға жайлылық аса қажет. Олар үшін Испания, Италия және Монако елдеріне барып, тыныққан дұрыс. Онда әр түрлі ойын-сауықтар, фестивальдер және экскурсиялар ұйымдастырылады. Бұл арыстандарға ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Бикеш: сахатты жоспарлау
Бикештер саяхатты жоспарлағанды ұнатады. Алдымен баратын елді таңдап, кейін жолға дайындалады. Пайдалы әрі қызық саяхатты таңдаса онда олар Франция, Израиль және Черногорияға барғаны жөн.
Таразы: романтика әлеміне енуге тамаша уақыт
Таразылар үйлесімділік пен сұлулықты бағалайтын нағыз романтиктер. Мұражай, ғибадатхана, көрме және әдемі саябақтарды тамашалауға ерекше көңіл бөледі. Биылғы жазда Англия мен Грецияны таңдағаны дұрыс.
Сарышаян: нағыз экстремалдар
Сарышаян белгісінде туған адамдар қызықты шытырман оқиғаға толы саяхатты жақсы көреді. Сондықтан Мексика, Исландия және Вьетнамға барып, демалғандары дұрыс.
Мерген: достармен бірге көңіл көтеруге жақын
Мергендер достарымен бірге балық аулауды және атпен серуендеуді ұнатады. Осы жылы жазда Португалия, Австралия және Мальдив аралдарына тынығуларына болады.
Тауешкі: таулардан тыныштық табады
Тыныштықты қалайтын тауешкілер демалысын алдын-ала жоспарлайды. Олар ұстамды әрі эмоцияға берілмейді. Шетелге шығуды ойына алса, Норвегия, Канада және Қытайды таңдаса болады.
Суқұйғыш: еркіндік
Суқұйғыштар жайлылық пен беделге ұмтылмайды. Олардың жүрегі еркіндік деп соғады. Сондықтан автокөлікпен саяхаттау, ұшу, рафтинг жасау және тауда серуендеу олардың керемет демалысының бір бөлігіне айналады. Канада мен Куба суқұйғыштар үшін экстремалды демалыс сыйлайды.
Балықтар: барлық жерде романтика
Балықтар теңіз суын жақсы көреді. Сондықтан табиғатына көз тоймайтын Шри-Ланка, Филиппин және Кипрге барып, демалса болады. Бұл оларға бір жылға жететін күш қуат жинауға көмектеседі.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.