Ол Астанада өткен инвесторлар форумында мұндай рейсті ашуға қызығушылық болғанымен, әуе компанияларына, ал «Эйр Астанаға» тиісті ұшақтарды алу үшін уақыт қажет екенін атап өтті.
"Біз тікелей рейс ашқымыз келеді. Әрі бұл идеяны қолдаймыз. Өкінішке қарай, бұл өте күрделі процесс. Әуекомпаниялардың тиісті борттары болуға тиіс, ал Air Astana-да мұндай борттар жоқ. Олар сатып алу процесіне кірісті. Дегенмен бұл біршама уақытқа созылады", - деді елші.
Сондай-ақ, елші тікелей рейс ашу жолында АҚШ авиация органдары, соның ішінде федералдық авиация әкімшілігі жүргізетін көптеген тексерулер мен процедуралар бар екенін айтты.
«Сондай-ақ біздің (АҚШ тарабының – ред.) АҚШ федералдық авиация әкімшілігі сияқты органдары өткізетін тексерулер мен өзге де көптеген процестер бар. Бұл мәселе Үкіметпен өтетін кездесулерде жиі көтеріледі. Өкінішке қарай, биыл емес. 2025 жылы болуы мүмкін», - деді елші.